«Барселона» «Лидс» шабуылшысы Рафиньяның трансферіне қатысты келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Николо Скира өзінің Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, ойыншының агенті болып табылатын Деку кезінде каталониялық клубтың намысын қорғаған.
Рафиньяның «Лидспен» келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 70 миллион еуроны құрайды, бірақ «Барселона» мұны тым жоғары деп санайды және бағаны түсіру үшін келіссөздер жүргізуде.
25 жастағы Рафинья 2020 жылдың қазан айынан бері «Лидс» сапында ойнап келеді. Оған дейін бразилиялық футболшы франциялық «Ренн» португалиялық «Спортинг» және «Витория Гимараеш», сондай-ақ бразилиялық «Авай» клубтарында ойнаған.
Рафинья осы маусымда Премьер-оиганың 27 ойынында тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бразилиялық футболшының «Лидспен» келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET