Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Ливерпульден» ойыншы сатып алмақ

Қос команда келісіп қойған. Келіссөздер аяқталуға жақын.
Жарнама
Жарнама

Каталондық ұжым "Ливерпульден" Жоржиньо Вейналдумды сатып алмақ. Ақпарат жай қау өсеттерге қарағанда шындыққа жанасады.

Sport.es хабарлауынша ойыншы "Барселонаға" ауысуға келісімін беріп қойған. Тіпті үш жылға келісім шартқа отырды. Испан клубы 29 жасар жартылай қорғаушы үшін 20 млн еуро төлемек.

Бұған дейін Вейналдум мерсисайдтықтармен жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай жатқандығы туралы ақпараттар тараған болатын. Сонымен қатар голландиялық ойыншының "Барсаға" келісім берген себебінің бірі клубқа отандасы Рональд Куманның келуі.

Вейналдум "Ливерпульдің" жейдесінде 2016 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Оған дейін "Ньюкасл", ПСВ, "Фейноорд" клубтарында болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров