Жарнама
Жарнама

“Барселона” Луис Диасты алу үшін 60 миллион еуродан артық ұсынбайды

19.07.2025, 13:30

"Барселона" клубы "Ливерпуль" командасының  шабуылшысы Луис Диасты алу үшін тым артық кетуге ниетті емес. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Ақпарат көзіне сүйенсек, Каталондық клуб қазіргі экономикалық жағдай мен Ла Лиганың қаржылық 1:1 ережесіне байланысты Диас үшін 60 миллион еуродан артық сома ұсынуға дайын емес. 

Диасқа қызығушылық танытып отырған клубтардың бірі — "Бавария". Егер Мюнхендіктер футболшы үшін 75-80 миллион еуро төлеуге келіссе, онда "Барселона” трансфер нарығынан өзге нұсқаларды қарастыруға мәжбүр болады.

Өткен маусымда Луис Диас барлық турнирлерде 50 ойынға қатысып, 17 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Оның "Ливерпульмен” қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны — 70 миллион еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров