«Барселона» марокколық қорғаушымен толығады

15.03.2022, 17:59
Футболшы каталониялық клубқа еркін агент ретінде ауыспақ.

«Барселона» «Аякстың» 24 жастағы марокколық қорғаушысы Нуссаир Мазрауиді қатарға қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, «Барселона» Мазрауиді еркін агент ретінде алып, жылдық жалақысы 5 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынбақшы.

«Бавария» клубы да марокколық футболшының агенттермен келіссөздер жүргізуде, бірақ каталониялық клубтың басшылығы Мазрауидің Испанияға келетініне сенімді болып отыр.

Еске салайық, осы маусымда Мазрауи барлық жарыстарда 29 матчқа қатысып, бес гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.