Жарнама
Жарнама

"Барселона" маусымдағы ең ірі жеңіске қол жеткізді

03.05.2015, 03:16
Жарнама
Жарнама
Испан чемпионатының көшбасшысы кезекті турда, турнир кестесіндегі ең соңғы команда "Кордоваға" қонаққа барған болатын. Ойынның 42-ші минутына дейін қақпа кілтін таппаған католондықтар, бірінші тайм аяқталар тұста қос гол тоғытып, кездесу тағдырын шешіп тастады. Әуелі Мессидің пасынан кейін Ракитич есеп ашты. Араға 2 минут салып Иньестаның пасын ұтымды пайдаланып Суарес көзге түсті. Үзілістен кейін "блауграна" қарсыласты тас-талқан етті. Өткен турда 90 минутта "Хетафе" қақпасына салған 6 голды, "Кордова" қақпасына 45 минут ішінде тоғытты. Месси қос гол, біреуі баспен. Пике де екінші қабаттағы таластан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Суарес екі бірдей голдың авторы атанып, хет-трикті атына жазды. Ал, Неймар Месси сыйға тартқан пенальтиді сәтті орындап, ол да алаңнан голсыз кетпеді. Осылайша, маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізген "Барса", "Реалдан" 5 ұпайға ұзап кетті. Ал, Карло Анчелотти шәкірттері осы турдағы кездесуін санаулы сағаттардан соң өткізбек. Оларды қиын ойын күтіп тұр. Өз алаңында, әсіресе, алпауыттармен арыстанша арпалысатын "Севилья" қонақ етпек. Ал, өз кезегінде бүгін "Барселонадан" оңбай таяқ жеген "Кордова" келесі маусымда Сегундада өнер көрсететін болады. КордоваБарселона 0:8 (0:2) Голдар: Ракитич, 42, Суарес, 45+2, 52, 88, Месси, 47, 80, Пике 65, Неймар, 85 (пенальтиден)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров