Жарнама
Жарнама

«Барселона» мен «Реал» сапында ойнаған үздік 5 футболшы

Бір клубта жарқыраған ойыншылар екінші клубта жарқын ойын үлгісін көрсете алмаған екен.
Жарнама
Жарнама

Бүгін Испания чемпионатының 7-турында "Барселона" өз алаңында "Реал Мадридті" қабылдайтын болады. Жанкүйерлерге "Эль-Классико" деген атпен танымал бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Осы матч қарсаңында Испанияның аталған екі клубында да доп тепкен ойыншылар туралы айтатын боламыз.

Луиш Фигу


Фигу "Барселонаға" 1995 жылдың жазында ауысып, каталондықтардың маңызды ойыншысына айналды. "Барсаның" жанкүйерлері командаға аз ақшаға (2,25 миллион фунт) ауысқан және бес маусымда әлемдік жұлдызға айналған португалиялық жартылай қорғаушы үшін дұға ете бастады. Бірақ бес жыл Каталонияда болғаннан кейін Фигу жағдайды өзгертуге шешім қабылдады. Луиштің 2000 жылы "Барселонадан" "Реалға" ауысуы көп шу шығарды. Трансфер үшін 61 миллион доллар төленді, бұл сол кездегі естен танарлықтай сома еді. "Барсаның" жанкүйерлері бұл трансферді өте ауыр қабылдады - Луиштің "Реал" жейдесіндегі "Камп Ноуға" алғашқы сапары кезінде олар португалиялық ойыншының жейдесін өртеп, оған әртүрлі заттарды, тіпті шошқаның басын да лақтырды.

Роналдо


"Барселонада" Роналдо бір маусым ғана өткізді, бірақ өзін жақсы қырынан көрсетті - Бразилиялық шабуылшы Испания чемпионатының 37 матчында 34 гол соғып "Алтын бутса" иегері атанды, 1996 жылғы ФИФА-ның нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы атағын алды, өзінің соққан голдарымен "Барселонаға" Испания кубогы мен Суперкубогында жеңіс сыйлады. Алайда, 1997 жылдың жазында бразилиялық клубын ауыстырып, "Интер" ойыншысы атанды. Испанияға шабуылшы бес жылдан кейін қайта оралды, ол 2002 жылғы әлем чемпионатының үздік сұрмергені және оның жеңімпазы ретінде "Реал Мадридпен" келісімшартқа отырды. Бірақ Корольдік клуб сапында Роналдо соншалықты жарқын футбол үлгісін көрсете алмады: тек 24 гол соғып рекорд жасады, одан кейін артық салмақ қосып, ойыны төмендей бастады. 2006 жылдың күзінде Фабио Капелломен жанжалдасып, "Реал Мадридтен" кетті.

Луис Энрике


"Барселонаның" бұрынғы бас бапкері Луис Энрике 1996 жылы Мадридтік "Реал" клубының басшылығы ойыншылардың жалақысын қысқартатынын естіген соң, бұған барынша кері реакция жасап, "Барселонамен" жасырын келіссөздер жүргізді. Луис Каталониялық клубқа еркін агент ретінде ауысып келді, ал оның бұл әрекеті "Барселона" жанкүйерлері үшін өте күмәнді көрінді, бірақ Энрике клубта сегіз жыл өнер көрсетті. Луис Энрике тіпті команда капитаны болып үлгерді. Және ол өзінің алғашқы жаттықтырушылық қадамдарының дәл осы "Барселонада" бастады.

Самуэль Это'О


Камерундық шабуылшы 16 жасында "Реал Мадридке" ауысып, үш жыл Корольдік клубтың құрамында болды, бірақ бұл командада ойнай алмады. Бір-екі рет жалға берілген Самуэль "Мальоркаға" барып, өзінің керемет ойынын көрсетті. Мадридтің "Реалы" камерундық шсбуылшының басты "клиенттерінің" біріне айналды - Это’о Мадридтік командамен болған барлық кездесулерде гол соқты. "Мальоркада" төрт жыл ойнағаннан кейін "Барселона" шабуылшыны 24 миллион еуроға сатып алу туралы шешім қабылдады. Олар бұл әрекеті үшін өкінбеді - Самуэль Каталониялық клуб сапында бес жыл ішінде 145 матчқа қатысып, 108 гол соқты. "Реалда" ол тек үш кездесуге ғана қатысқан еді...

Альфредо Ди Стефано


Тарихқа "Реал Мадридінің" аңызы ретінде енген Альфредо ди Стефано бір кездері "Барселонаның" аңызына айналуы мүмкін еді. Бастапқыда Ди Стефано Аргентинадан Каталониялық клубқа ауысып, тіпті "Барса" үшін бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Бірақ келісімшартқа қол қою уақыты келгенде, Альфредоның бар назары "Реал Мадридке" ауды. Осыдан кейін сот отырысы өтті, оның барысында ди Стефаноға бір маусымда, "Барселонада" ойнауға бұйрық берілді. Алайда кейін "Реал" ойыншының келісімшартын "Барселонадан" сатып алды. "Барса" бұл әрекеттің қате екенін көп уақыт өтпей-ақ түсінді...

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров