Жарнама
Жарнама

«Барселона» мен «Реал» ұпай жоғалтқан күн

22.09.2011, 19:54
Жарнама
Жарнама
Мадридтік «Реал» екі ойын қатарынан қарсыластар қақпасынан саңлау таба алмауда. Өткен турда «Леванте» командасына сырт алаңда жол берген Моуринью мықтылары бұл жолы «Расингпен» тең түсіп екі ойында мүмкін болған 6 ұпайдан тек жалғыз ұпай еншіледі.  Басты қарсыластарының ұпай жоғалтқанын «Барселона» да ұтымды пайдалана алмады. Турнир тізгінін қолға ұстаған  «Валенсия»  «Барселонаның» өзінен қаймығар емес. Екеуара өткен кездесуде тең нәтиже тіркелгенімен жеңістен басқаның бәрін жеңіліс деп қабылдайтын Гвардиола жігіттері жалқы ұпайға қуана қоймасы анық. Ал «Валенсия»  болса 4 ойыннан кейін 10 ұпаймен көш басында қала бермек. Құрамын толықтай жаңалаған «Малага» алғашқы турда ұтылып қалғаны болмаса , соңғы үш ойында ұпайдан шашау шығармай турнир кесесінде екінші орыннан бірақ шықты. «Арсеналдан» ауысып «Барселонаға» барған Сеск Фабрегас  Ла Лигада өткізген төрт ойында алаңнан голсыз кетпеген. Келесі ойында қарсылас қақпасын дәл көздеп жатса онда ол швед шабуылшысы Златан Ибрагимовичпен теңеседі. Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын миландық «Интер» сапынан «Барселона» ұжымына  ауысқан Златан алғашқы бес ойында қатарынан бес гол соғып өзіндік рекорд қойған болатын. Ла Лиганың бас жүлдесін «Барселона» мен «Реал» сарапқа салады , ал біріншіліктің үздік мергені Месси мен Криштианудың бірі болады дегенге келіспейтін бір жан табылды. Ол –«Атлетиконың» су жаңа шабуылшысы Радамель Фалькао. Былтыр ғана «Порту» сапында Еуропа лигасында допты қарша боратқан жігітіңіз Испания біріншілігіне де бой үйретіп алғанға ұқсайды. Соңғы екі ойында қарсыластар қақпасын бес рет дәл көздеген ол сұрмергендер көшінде  Мессимен бірге көш бастап тұр.

Тастанбек Жумахан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров