«Барселонаның» 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлі де маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспауды шешсе, клуб оған қандай тәртіптік жаза қолданылатыны белгілі болды. Бұл туралы журналист Танкреди Палмери Twitter-де хабарлады.
Сонымен, ақпарат көзінің хабарлауынша, «Барселона» басшылығы Лионель Мессиге командада болмаған әр күн үшін оның жалақысын пропорционалды түрде қысқартуға шешім қабылдады. Журналист келесі жазбасында 33 жастағы аргентиналықтың күніне 110 мың еуро алатындығын айтты.
Бұған дейін Лионель Месси ПТР сынақтарына да келмеген. Ол каталондықтарға өзінің маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайтындығы туралы хабарлаған болатын. Кеше, 30 тамызда, «Барселона» футболшылары жаттығуды қайта бастамас бұрын медициналық тексеруден өтті. Месси кеше мүлдем келмеген екен.
Біздің серіктес: FONBET