«Барселона» басшылығы клубтың шабуылшысы Лионель Мессидің кету туралы өтініші бойынша шұғыл кеңес отырысын өткізеді, деп хабарлайды Football Espana.
Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клубтың президенті Хосеп Мария Бартомеу Мессидің «Барселонамен» келісімшартын бұзуына жол бермес үшін оны заңды түрде тоқтатуға ниетті.
Сонымен қатар, клуб аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді оңайлықпен жібермейді, деп жазды журналист Вероника Брунати өзінің «Твиттерінде».
Брунатидің мәліметіне сәйкес, Каталониялық клуб футболшыны келісімшартында өтемақы ретінде көрсетілген 700 миллион еуродан аз сомаға босатпайды. Егер Месси келісімді біржақты бұзуға тырысса, «Барселона» оны сотқа беруге дайын.
Біздің серіктес: FONBET