"Барселона" - "Наполи" - ширек финалға кім өтеді?

12.03.2024, 13:21

Аптаның басымен бірге Чемпиондар лигасының матчтары оралды. Бүгін түнде Барселонада өте тартысты ойын күтілуде.  Ширек финалдың жолдамасына "Барселона" мен "Наполи" таласады.

Қос команың алғашқы дуэлінде жеңімпаз анықталған жоқ. Италияда командадар тең тарқасты. Левандовскийдің 60-шы минуттағы дәл соққысына, Виктор Осимхен голмен жауап берген. Былтыр өз біріншіліктерінде топ жарған топ-клубтардың биылғы жағдайы көңіл көншітпейді. Сондықтан ширек финалдың жауапты кездесуінде қос команда аянып қалмас.