“Барселона” спорттық директоры Деку алдағы қысқы трансфер кезеңіне қатысты нақты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, клуб жазғы маусымда жоспарлаған барлық жұмыстарын толық орындаған және қазір жаңа ойыншыларға қажеттілік жоқ.
“Біз жазғы трансфер терезесінде көздеген мақсаттарымызға жеттік. Қазір көптеген ойыншылар жарақаттан оралу үстінде, оларға алаңға қайта бейімделу үшін уақыт қажет. Сол себепті қысқы трансфер кезінде ешқандай жаңа келісім жасалмайды.” – деді Деку журналистерге берген сұхбатында.
Каталондық клуб Испания чемпиондығын жеңіп алғанына қарамастан, құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек қақпашы Жоан Гарсия мен жас шабуылшы Руни Барги қосылды. Ал Ағылшын форварды Маркус Рэшфорд “Манчестер Юнайтедтен” жалға алынды.
Сонымен қатар, “Барселона” жазда он ойыншымен қоштасқан, олардың жартысы басқа клубтарға жалға жіберілген. Бұл шешім арқылы клуб жас ойыншыларға мүмкіндік беріп, қаржылық тұрақтылықты сақтауды мақсат еткен.
Декудың айтуынша, команда қазіргі ойыншыларынп сеніп отыр, және жарақаттан енді ғана айыққан футболшыларды қайта толық ойын ырғағына енгізуді жоспарлауда.
Біздің серіктес: FONBET