Жарнама
Жарнама

"Барселона" Педро үшін 7 миллион фунт қана сұрап отыр

21.05.2015, 21:22
Жарнама
Жарнама
"Блауграна" Педроны Тұманды Альбионға жібергісі келіп отыр.  "Барселонаның" шабуылшысы жақын уақытта командадан кетуі мүмкін. Футболшы қосалқы құрамда отыра беруден жалыққанын мәлімдеген еді. 27-ші жасар Педро, Месси-Суарес-Неймар үштігінің көлеңкесінде қалып отыр. Клубтың басшылығы Педроның кетуіне қарсы емес. Өз түлегін белді командалардың біріне жайғастыруға барын салып жатыр. Сол үшін бағасын 7 миллион футнтқа бір-ақ түсірді. "Челси", "Ливерпуль", "Арсенал", "Тоттенхэм" секілді клубтарға Педроны ұсынған. Педро Родригес 2009-шы жылдан бері католониялық клубтың негізгі құрамында ойнайды. Осы уақытқа дейін 203 мәрте алаңға шығып, 58 голдың авторы атанған. Ал, Испания ұлттық құрамасы сапында 46 матчта 16 рет нысананың дәл көздеген.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров