Жарнама
Жарнама

«Барселона» президентінің міндетін атқарушы: «Мессиді өткен жазда сатып жіберер едім»

04.12.2020, 02:28
Месси осы жазда еркін агент атанады.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" президентінің міндетін атқарушы Карлес Тускетс шабуылшы Лионель Мессимен болған жағдайға қатысты өз пікірімен бөлісті.

"Экономикалық тұрғыдан алғанда, мен Мессиді өткен жазда сатқан болар едім. Бұл құптарлық қадам болды, әсіресе клуб алатын және үнемдейтін қаражат тұрғысынан. Ла Лига жалақыны қысқартуды талап етуде", - деді Тускетс Marca-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, жазда Месси "Барселонадан" кеткісі келетінін ашық білдіріп, тіпті клубқа өтініш тастады, бірақ клуб оны жіберуден бас тартты. Өткен айда клуб президенті Хосеп Мария Бартомеу қызметінен кеткен болатын.

Месси осы маусымда Испания чемпионатында 9 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров