«Барселона» қос бірдей антирекорд орнатты

25.04.2022, 14:48
Хави шәкірттері өз алаңында жанкүйерлерін қуанта алмауда.

«Барселона» өз алаңында бір маусымда қатарынан үш рет жеңіліске ұшырады, деп жазды Gracenote Live порталы. Мұндай сүреңсіз нәтиже бұрын-соңды клуб тарихында болмаған екен.

Еске салайық, 14 сәуірде «Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчында «Айнтрахттан» (2:3) жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын. 18 сәуірде каталондық клуб өз алаңында «Кадиске» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал 24 сәуірде Хави шәкірттері «Камп Ноуда» «Райо Вальеканоға» жол берді (0:1).

Сондай-ақ «Барселона» өз тарихында алғаш рет Ла Лиганың бір маусымында «Райо Вальеканодан» екі рет жеңілді. Командалар арасындағы 2021 жылдың 27 қазанында өткен бірінші ойын да дәл осындай есеппен аяқталған болатын. Бұл кездесуде жалғыз голды 30-минутта Радамель Фалькао соқты

33 турдан кейін «Барселона» 63 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді.