«Барселона» жанкүйерлер қауымдастығының өкілдерімен кешкі ас кезінде клуб президенті Жоан Лапорта қыста үш жаңа ойыншыны сатып алғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Marca TV3 арнасына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, клуб Серхио Агуэроның денсаулығы нашар болғандықтан, қазірдің өзінде жаңа орталық шабуылшы іздеп жатыр. Бұған дейін форвардтың жүрегіндегі мәселелерге байланысты үш ай бойы алңға шыға алмайтыны хабарланған болатын.
Сонымен қатар Лапорта ойыншыларды жаңа бас бапкер Хавидің келісімі бойынша ғана алатынын айтқан.
Біздің серіктес: FONBET