Жарнама
Жарнама

«Барселона» сатқысы келетін ойыншыларды анықтады

23.08.2020, 21:57
Каталониялық ұжым құрамын едәуір өзгертетін секілді
Жарнама
Жарнама

Marca-ның берген ақпараттарына сенсек, "Барселонаның" биылғы жазғы трансфер науқанындағы діттеген мақсаты Луис Суарес пен Иван Ракитичті сату болып отыр.

Чемпиондар лигасындағы орны толмас үлкен жеңілісітен кейін "Барселона" басшылығы құрамды өзгертуге бекінген секілді. Және бұл істің құрбаны болатын алғашқы ойыншылар шабылшы Суарес пен жартылай қорғаушы Ракитич болуы мүмкін.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Луис Суарестің "Аякс" сапына оралу мүмкін екендігі жайлы бірнеше рет айтылған болатын. Сонымен қатар, амстердамдық ұжым да уругвайлықтың командаға ауысуына еш қарсы емес екендіктерін жеткізген, алайда олар әлі де болса ресми ұсыныс жібермеді.

Ал 32 жастағы хорват өзінің "Барсаға" дейін ойнаған командасы "Севилья" құрамын толықтырады деп топшылануда.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров