«Барселона» жақында командадан кететін Луис Суарес пен Артуро Видальды алмастыратын ойыншылармен келіссөздер жүргізуде. Команданың бас бапкері Рональд Куман Голландия құрамасынан өзі білетін екі ойыншыны шақырмақшы, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Олар «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Джорджо Вейналдум мен «Лионның» шабуылшысы Мемфис Депай болып табылады. Жақында каталондық клуб екі ойыншыға да ұсыныстар жасайды деп күтілуде. Ал екі ойыншы үшін «Барселона» 50-55 миллион еуро төлеуге дайын.
Өткен маусымда 29 жастағы Вейналдум 47 ойын өткізіп, алты гол соқты. Оның қазіргі келісімшарты 2021 жылы маусымда аяқталады.
Ал 26 жастағы Депай 22 кездесу өткізіп, 15 гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Оның "Лион" клубымен келісімшарты 2021 жылы маусымда аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET