Жарнама
Жарнама

«Барселона» тағы бір жас ойыншысымен келісім-шартты ұзартқысы келеді

19.10.2021, 21:39
Фати 4 матчта 2 гол соғып үлгерді.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" Испания құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Ансу Фатимен келісім-шартты ұзартқысы келеді.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап жақын арада бес жылдық келісім-шартқа қол қояды. Каталондық клуб Фатидің агенті Жорже Мендешпен барлық мәселедерді шешіп қойды. Футболшының өтемақы құны 1 миллиард еуроны құрайды.

"Барселона" алдағы уақытта Гави, Усман Дембеле және Рональд Араухомен де келісім-шартты жаңартатын болады.

Айта кетейік, 18 жастағы Фати жарақатына байланысты маусымның бастапқы бөлігін жіберіп алды. Оныншы нөмірді иеленген футболшы 4 матчқа қатысып, 2 гол соғып үлгерді. Оның қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров