Жарнама
Жарнама

«Барселона» теннис жаттықтырушысын спорттық директор етіп тағайындады

29.04.2021, 15:17
Бұл бапкер Лапортаға көп көмектескен екен.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" жаңа спорттық директоры болып президенттікке Жоан Лапортаны сайлау кезінде жетекші рөл атқарған Хави Будо тағайындалды, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Будо - танымал теннис жаттықтырушысы. Ол өмірінің көп бөлігін испаниялық теннисшілерді жаттықтырумен өткізді. Атап айтсақ, Карл Суарес Наварро және Паула Бадосамен жұмыс істеді. "Барселона" сапында Будо кәсіби спортшыларға, клуб академиясына және әйелдер командасына жауапты болады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 наурызда өткен "Барселонадағы" президенттік сайлауда Жоан Лапорта жеңіске жеткен болатын. Ал Будо осы науқан кезінде Лапортаға көп көмектескен екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров