Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Тоттенхэм» қорғаушысына қызығушылық танытуда

19.03.2022, 17:47
Футболшыға Еуропаның бірнеше клубы көз тігіп отыр.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Тоттенхэм» қорғаушысы Серхио Регилонға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, каталониялықтардан бөлек, Еуропаның бірнеше клубы жазғы трансферлік терезеде 25 жастағы испаниялықты сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ 2020 жылдың қыркүйегінде «Тоттенхэмге» ауысқан Регилонды «Реал Мадрид» 40 миллион еуроға қайтара алады.

2021/22 жылғы маусымда Регилон «Тоттенхэм» жейдесінде 28 ойынға қатысып, 2 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы қорғаушының құнын 28 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров