Басты қарсыластары "Атлетико" мен "Реал Мадрид" жарыс жолын тоқтатқаннан кейін, "Барселона" бұл трофейді ойша клуб музейіне қойып қойған да шығар. 1\4 финалда "Атлетикомен" екі ойында да алаңға бүкіл мықтыларын шығарғанын ескерсек, Луис Энрикеге бұл жүлде әбден керек. Оның үстіне команда қарқыны мықты, 9 ойын қатарынан жеңіс. Месси, Суарес, Неймар үштігі бір-бірін сөзсіз ұғатындай дәрежеге жетті. Әрине, Суарестің жеке басының статистикасы қанағаттандырмас, дегенмен командалық ойынға сіңіскені көрініп тұр. Үш оңтүстікамерикалық сүрмергендер Иньеста, Ракитич, Хавилердің көмегінсіз-ақ ойын тағдырын шеше алады. Бұл жерде Мессидің дирижерлық шеберлігі жартылай қорғанысты көлеңкесінде қалдырды. Шабуыл шепте мін жоқ. Бірақ, қорғаныс ескі әдетіне басқан секілді. Бұған соңғы екі ойында да екі голдан өткізгені дәлел.
Командалардың болжамды құрамдары:
Барселона: тер Штеген-Алвес, Пике, Маскерано, Альба-Иньеста, Серхио Бускетс, Ракитич-Суарес, Месси, Неймар
Вильяреал: Асенхо-Марио, Руис, Мусаккио, Коста-Пина, Бруно, Джонатан Дос Сантос, Черышев-Виетто, Джовани Дос Сантос
Фараби ӘБДІХАЛЫҚБіздің серіктес: FONBET