Жарнама
Жарнама

«Барселонада» қандай өзгерістер болады?

19.08.2020, 23:24
Команда құрамды қайта жасақтайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Рональд Куман ресми түрде "Барселонаның" бас бапкері атанды. Жаңа бапкердің келуімен командада түрлі өзгерістер болғалы тұр.

Оның ішінде, «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы, «Хельсингборг» командасының бас бапкері болған Хенрик Ларссон каталондық клубтың жаттықтырушылар штабына қосылды.

As басылымының мәліметінше, «Барселонаның» тізгінін ұстаған Рональд Куман Хенрик Ларссонға көмекші болуды ұсынған. Сондай-ақ жаттықтырушылар штабына «Хоффенхаймнан» кеткен Алфред Схройдер қосылады.

Одан бөлек, Рамон Планес «Барселонаның» спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Планес "Барселонаның" бұрынғы спорт директоры Эрик Абидальдың көмекшісі ретінде 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді, бұған дейін ол "Хетафе" клубының спорт директоры болған.

Сонымен қатар, «Барселонаның» президенті Жозеп Бартомеу клубтан кетпейтін футболшыларды атап өтті.

"Месси – тарихтағы үздік ойыншы. Дегенмен ешқайда сатпайтын басқа да жас футболшыларымыз көп. Тер Штеген, Лангле, де Йонг, Семеду, Дембеле, Гризманн. Біз бұл футболшыларға сенім артып отырмыз. Олардың «Барсада» ұзақ уақыт ойнағанын қалаймыз.

Тер Штеген келісімшартын ұзартатын болады. Ол таңғажайып қақпашы.

Коутиньо да командада қалуы мүмкін. Егер бас бапкер командаға қажет десе оны алып қаламыз", - деді Бартомеу.

Ал қалған ойыншылар бойынша "Барселона" басқа командалардың ұсынысын қарауға дайын. Басылымның мәліметінше, клубтан жақын арада Иван Ракитич, Нету және Артуро Видаль кетеді.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров