“ПСЖ” вингері Хвича Кварацхелия Франция чемпионатының “Осерге” қарсы өткен кездесуінде жарақат алып, ойынның бірінші таймынан кейін алаңнан кетті.
L’Équipe хабарлауынша, Грузин ойыншысы жамбас бұлшықетін жарақаттаған. Бұл оқиға Париж клубы үшін қос соққы болды, өйткені матчтың алғашқы таймында-ақ жартылай қорғаушы Витинья да жарақатына байланысты алмастырылған еді.
“ПСЖ” бұл кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жеткенімен, қос ойыншының жарақаты алдағы Чемпиондар лигасындағы маңызды матч алдында команданың жағдайын күрделендіріп отыр. Париждіктер 1 қазанда “Барселонаға” қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET