Жарнама
Жарнама

«Барселонаға» төреші болған қазы Қазақстанға тағайындалды

02.09.2025, 21:22

УЕФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы ойынға төрешілерді тағайындады.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан — Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Ойынды Испаниядан келген төрешілер бригадасы Алехандро Эрнандестің жетекшілігімен өткізеді. Оның көмекшілері — Хосе Наранхо мен Диего Санчес. Төртінші төреші — Хосе Луис Мунуэра, бейнетөреші — Сесар Сото, бейнетөрешінің көмекшісі — Алехандро Муньис Руис.

Айта кетейік, испаниялық төреші бір апта бұрын ғана «Леванте» - «Барселона» арасындағы матчты жүргізген еді. Сондай-ақ, оған Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі екі ойын сеніп тапсырылған болатын.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: