58 жастағы испаниялық заңгер және каталондық "Барселонаның" бұрынғы президенті Жоан Лапорта осы қызметке қайта тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Виктор Фонт пен Тони Фрейша да клуб президенттігіне үміткер ретінде бекітілген еді. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлаудан шығарылды.
Барлық дауыстарды санау нәтижелері бойынша Лапорта 54,28% (30,184), Виктор Фонт - 29,99% (16,679), ал Тони Фрейша - 8,58% (4,769) жинады.
"Бүгін Лионель Мессидің дауыс беруге баруы және осы шараға қатысуы - өте керемет шешім. Месси "Барселонаны" жақсы көреді. Біз ең жақсы ойыншылары бар үлкен отбасымыз.
Мен Лионель Мессиге қоңырау шаламын. Леоны қалуға көндіре аламын ба? Бұл оған байланысты болады, мен оны командада қалдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, және бұл тұста клубтың экономикалық жағдайын да ескеремін", - деді Лапорта.
Сайлау бастапқыда 24 қаңтарға жоспарланған болатын. Каталония билігі клубқа эпидемиологиялық жағдай сайлаушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтінін айтты.
Біздің серіктес: FONBET