"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Каталондық "Барселонаның" басты трансферлік мақсатына айналды. Бұл туралы журналист Флориан Плеттенберг хабарлады. Каталондық клуб бұған дейін "Ливерпуль" вингері Луис Диасты алуды көздеген еді.
"Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик Рэшфордты алуға қарсы емес. Бұған дейін клуб Луис Диастан бөлек "Атлетик Бильбао” шабуылшысы Нико Уильямспен де келісімшарт жасауға тырысқан, алайда ол қазіргі клубымен ұзақмерзімді келісімге отырды.
Өткен маусымның екінші жартысында Рэшфорд “Астон Вилла” сапында жалда өнер көрсетті. Ол барлық турнирде 17 матч өткізіп, 9 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET