Бұрынғы танымал футбол комментаторы, ал қазіргі танымал блогер және журналист Василий Уткин "Барселонаның" жаңа формасын сынға алды.
16 қыркүйек күні «Барселона» қызғылт-жасыл түсті үшінші формамен «Жиронамен» жолдастық кездесу өткізді. Ойын 3:1 есебімен каталондықтардың жеңісімен аяқталды.
«Мен бәрін түсінемін, бұл үшінші форма, бірақ бәрібір ұнамады. Каталониялық команда үшін ұят. Команда жейдесінің түсі моншаға арналған орамалдың түсіндей екен, гаммасы соған сәйкес», - деп жазды Уткин өзінің телеграмм-каналында.
Біздің серіктес: FONBET