Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" Президенті Хавидің командада қалғанын қалайды

03.04.2024, 09:45

Каталондық клуб Президенті Жоан Лапорта 2023/2024 жылғы маусым соңындағы Хавидің соңғы шешімін күтпек.  Клуб басшылығы 44 жасар маманмен ұзақ уақыттық келісімшартқа отыруға мүдделі. 

Жарнама
Жарнама

Ж. Лапортаның айтуынша, мұндай қадамға баруға Хавидің жастармен жақсы жұмыс істеуі мен команда ардагерлерімен тіл табысуы секілді қасиеттері себеп болып отыр. 
Айта кетейік, Хави "Барселонаның" тізгінін 2021 жылдың қарашасында ұстаған. Осы аралықта каталондық команда Ла Лигада бір рет топ жарды (2022/2023) және Испания Суперкубогін ұтқан. Клуб пен бапкер келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров