Жарнама
Жарнама

Бартомеу: «Мессидің 2025 жылы қалай ойнайтынын еш қиындықсыз елестете аламын»

13.07.2020, 16:13
2025 жылы Месси 38 жаста болады.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу 33 жастағы шабуылшы Лионель Месси жайлы пікірін білдірді.

«Біз Мессимен сөйлестік, сөйлесеміз және сөйлесуді жалғастырамыз. Ол өзінің мансабын осында аяқтағысы келеді, біз онымен келіссөздерді міндетті түрде бастаймыз, оның командада қалатынына күмәнім жоқ. Оның ойнау тәсілі, стилін ойынға бейімдеуі өте әсерлі болып көрінеді. Ол жыл сайын бізге жаңа бір нәрсені көрсетеді, бірақ жыл сайынғы голдары мен пастарының саны шамалас. Тіпті жыл сайын олардың саны артып келеді! Ол өзінің неге соншалықты ақылды екенін көрсетеді. Ол өз ойын әр матч сайын команданың қажеттілігіне бейімдейді. Мен Мессидің 2025 жылы қалай ойнайтынын еш қиындықсыз елестете аламын», - дейді Бартомеу.

33 жастағы Месси - "Барселонаның" түлегі. Осы маусымда аргентиналық шабуылшы Испания чемпионатының 31 матчына қатысып, 22 гол соққан (пенальтиден бес) және 22 голдық пастың авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров