Жарнама
Жарнама

Бартомеу: «Мессидің «Барселонадан» кетуіне жол бермеймін»

20.09.2020, 13:29
Мессиден бұрын өзі кетіп қалмаса болды. Наурыз айында президент сайлауы болады.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" президенті Хосеп Мария Бартомеу шабуылшы Лионель Мессимен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Мен клубтың президенті ретінде Леоға қарсы шықпаймын, ол біздің капитан және көшбасшымыз. Оның ойыны қандай екенін бәрі біледі, ол Куманның жобасына еніп кетті. Оның кетуімен байланысты оқиға артта қалды. Бұл жайлы барлық нәрсе айтылып бітті. Мен Мессидің "Барселонадан" кетуіне жол бере алмаймын - ол әлемдегі ең мықты футболшы және оның бізбен жұмысты жалғастырғанын қалаймыз. Куман үшін Мессидің командада болуы - сәттіліктің кепілі.

Месси мені сөзімде тұрмады деді ме? Мен онымен дауласпаймын. Біз бәрін ашық түрде емес, жеке талқылаймыз. Біз оның "Барселонада" қалғанына қуануымыз керек. Ол белсенді жұмыс істейді. Оның ойынынан ләззат алайық», - деді Бартомеу Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров