Жарнама
Жарнама

Бартомеу сыбайлас-жемқорлыққа қатысты айыпталуда

04.09.2020, 15:25
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады демекші, Бартомеудің басына тықыр таянды.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеуді каталон полициясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Football Espana El Mundo-ға сілтеме жасап.

Тағылған айыптар "Барсагейт" деп аталатын жобаға қатысты. Полиция Бартомеуді клуб атынан жасалған мәмілелерден жеке қаржылық жеңілдіктер алды деп санайды. Бартомеу "I3 Ventures" компаниясына жасалған төлемді мақұлдады, бұл келісімнің нарықтық құнынан алты есе жоғары болып табылады. Каталония билігі мұның не себепті болғанын тексеріп жатыр.

Бұған дейін "Барселона" клубының Бартомеудің беделін қорғаумен айналысатын "I3 Ventures" компаниясымен келісім жасасқаны, сондай-ақ Лионель Месси, Жерар Пике және басқа ойыншыларды әлеуметтік желілерде сынға алғаны хабарланған болатын. Бұл компанияның басшысы - Жауме Масферрер Бартомеудің оң қолы болып табылады. "Барселона" президенті өзіне тағылған айыптарды жоққа шығауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров