Жарнама
Жарнама

Бас бапкер ойын алдында сұқбат берді

03.06.2011, 20:49
Жарнама
Жарнама

Бүгін Астанада Қазақстан - Әзірбайжан кездесуінің алдында Қазақстан құрама командасының бас бапкері Мирослав Беранек пен капитан Қайрат Нұрдәулетовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Алдымен бас бапкер сөз алды.

Бұл кездесу - дерби. Мүмкіндіктер 50 де 50. Команда үшін маңызды матч болғалы тұр. Циклдегі алғашқы голды соғып, алғашқы ұпайларды еншілеудің мүмкіндігі туып тұр.

- Ал егер тағы да ұтылып қалатын болсақ ше?

Ондай жағдайды да ұмыт қалдырмаған жөн. Мен қобалжып отырмын. Қателік жіберіп алғым келмейді. Қалайда осы ойында жанкүйер алдында желпінбесек, бізге деген сенімнің азая түсері белгілі.

- Немістерден ұтылған кездесуден сабақ алған шығарсыз?

Ол ойында ұтылатын шығармыз деп бардым. Біздің жігіттер үшін керемет тәжірибе болды. Мен сол ойыннан соң құрамаға өзгертулер керектігін бірден ұқтым. Жастарға көңіл бөліп отырмын бұл жолы. Шахметов, Гурман, Көкеев, Мұжықов секілді жастарға сенім артамын.

- Қақпаға кім тұратыны белгілі ме?

Ойын алдындағы жаттығудан кейін мен осы мәселені шешемін. Сидельников қателік көп жібереді деп айтпаңыздар. Кез-келген қақпашы қателік жібереді. Чехтың өзі қателікке бой алдырады.

- Германия бапкері Иоахим Лев Қазақстан Әзірбайжаннан мықты деген сөзіне Берти Фогтс ренжіп қалған секілді.

Әрине ренжиді. Сіздер рейтинге көз жүгіртіңіздер. Қазақстан мен Әзербайжанның арасында әжептеуір кеңістік бар. Олар Түркияны ұтып, турнир кестесінде бізден жоғары тұр. Осының өзі көп нәрсенің мәнін ашып тұрған жоқ па?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров