36 жастағы Роберт Левандовски ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Ол бұған дейін бапкер Михал Пробеж қызметінен кетпесе, құраманың намысын қорғамайтынын мәлімдеген еді.
Левандовскидің мәлімдемесінен небәрі 4 күн өткен соң, 12 маусымда Михал Пробеж орнын босатып, 17 шілдеде оның орнына Ян Урбан тағайындалған болатын. Осылайша, ойыншының шарты орындалды деуге болады.
Левандовски қатыспаған соңғы екі матчта құрамаға Петр Зеленский капитандық етті. Ал енді Роберттің құрамаға оралуымен капитандық таңғыш кімге тиесілі болатыны үлкен сұрақ туғызып отыр.
Левандовски бапкерімен болған түсініспеушілікті ашып айтып:
“Бір күні Михал Пробеж маған қоңырау шалып, капитандықты басқа ойыншыға беретіні туралы қысқаша хабарлады. Сол сәтте мен баламды ұйықтатып жатқан едім, сондықтан дұрыс сөйлесуге де мүмкіндік болмады. Бар-жоғы бірнеше минуттық әңгіме болды. Кейіннен ешқандай кеңесу болмастан, барлық сайттар мені капитандықтан айырғаны жайлы жазып кетті.
Бұл жаңалықты осылай жеткізгеніне қатты таңғалдым. Мұндай маңызды шешімді телефон арқылы ғана айту дұрыс емес деп ойлаймын. Құрамада өнер көрсету мен үшін әрқашан үлкен мәртебе болған, сондықтан қатты көңіліме тиді."
Роберт Левандовски Польшаның тарихындағы ең үздік бомбардир. 158 матч өткізіп, 85 гол соққан ол 2014 жылдан бері ұлттық құраманың капитаны болып келеді.
Біздің серіктес: FONBET