Жарнама
Жарнама

Бас төрешіні "сиқырлы" сөзбен сабаған - Диего Коста. Расында, "Атлетико" шабуылшысы неге қуылды?

09.04.2019, 01:34
Жарнама
Жарнама
 Енді төрешіні балағаттағаны үшін Диего Коста 12 матчқа қатыспауы мүмкін. Ақтық шешімді Ла Лиганың тәртіп көмитеті қайта қарап жақын күндері жарияламақ. Ал ойын соңынан кейінгі баспасөз жиынында Диего Симеоне: "Егер Диего Коста расымен солай айтса, оның алаңнан қуылуы орынды",- деді.  Примераның 31 турындағы бұл ойын басынан бастап "Атлетико" үшін қолайлы өтіп жатқан. Сауатты қорғанып, қарсылас шабуылшыларына еркін қимылдауға мүмкіндік бермей келе жатқан Симеоне жоспарын 28 минутта Диего Коста тас-талқан етті. Расымен, бұған дейін де құйтырқы әрекеттерімен жанкүйерлерге жақсы таныс 30 жастағы шабуылшы "Камп Ноуда" өзін жаңа қырынан ашты. Алаң ортасында Жорди Альба тарапынан орын алған әрекетке төрешінің бейжай қарауы Диегоның шамына шындап тисе керек. "Атлетико" шабуылшысы бас төреші Хесус Хили Мансаноны "сиқырлы" сөздермен сабап алған. Басында тек сары қағаз көрсетпек болған төреші артынан бірден қызық қағаз көрсетіп, Костаны алаң жиегіне аттандырды. Матчтан кейінгі рапортта Хесус Хили Мансано Диего Костаның жеке басыма және анама қатысты анайы сөздері үшін алаңнан қуғанын жазған. Кейін ойын біткен соң El Mundo Deportivo газеті  "Cadena Cope" радиосынан Диего Костаның бас төрешіні нақты қалай балағаттағанын жариялады. Арнайы мамандардың сөзіне сенсек, ол   «Me cago en tu puta madre», -деген. Егер испан тілінде сөзбе-сөз аударсақ мағынасы мүлде анайы. Біздің "Сенің анаңа түкіргенім бар",-деп жұмсарта аударумыздың өзі мән-жайды түсінікті етер. Алайда, айыпты болған шабуылшы төрешіге бұл сөзді оның анасына қаратып айтылмағанын түсіндірмек болған. Дегенменде, телевизиялық қайталаулар Костаның "сенің" деп айтқанын анық көрсетіп тұр.
  • -Жалпы "Атлетико" ойыншылары үшін бұл "Камп Ноуда" өткізген соңғы 11 ойындағы 7 қызыл қағаз. Осыған дейін матрасшылар сапынан Фелипе Луис 2 рет, Арда Тұран, Диего Годин, Фернандо Торрес, Янник Феррейра-Карраско сынды футболшылар төрешінің көмегімен ойынды ерте аяқтауға мәжбұр болған.
  • Ал бұл қызыл қағаз Диего Коста үшін "Атлетико" жейдесіндегі 4 болып отыр.

                                                           Шамкен БАЙЫРБЕК.

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров