Жарнама
Жарнама

Басшылық жанкүйерлер талабына құлақ асты

“Ордабасы” ФК Премьердегі 1-тур кездесуінің уақыты кейінге шегерілді.

Жарнама
Жарнама

Шымкенттік клубтың 1-тур аясындағы “Ертіске” қарсы кездесуінің уақыты 15:00-ден 19:30-ға ауыстырылды. Жанкүйерлерге бастапқы уақыт тиімсіз болғандықтан, команда президенті Дархан Қызайбаев Федерацияға жүгініп, қолайлы мерзімге ауыстыруын өтініпті.

Айта кетейік, 7 наурызда өткелі жатқан кездесуде жанкүйерлерге арналып, арнайы іс-шаралар мен бағдарламалар ұйымдастырылады. Онда елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетпек.

Жалпы “Ордабасы” командасының биылғы маусымға дайындығы сәтті тәмамдалды. Шымкенттік ұжым ОЖЖ өткізген бақылау матчтарының бірде-бірінде жеңіліс таппады. Ресейде мығым саналатын “Балтиканың” өзі Андрей Мартин шәкірттеріне лайықты қарсылық көрсете алмады. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: