Жарнама
Жарнама

Басты фавориттер жеңіске жете алмауда

12.06.2012, 09:13
Жарнама
Жарнама
Осы күндері Польша және Украина жерінде өтіп жатқан футболдан Еуропа кубогы барша қауымды өзіне баурап алды десек артық емес. Алғашқы тур ойындары өте тартысты ойын өрнегін көрсетіп, әдемі соғылған голдарға толы болды. Сондай-ақ, төрешілікке байланысты даулы дүниелердің де қылаң беріп жатқанын айта кеткеніміз де жөн. «A» тобы

Бұл топты УЕФА басшылары қолдан жасаған деген де қауесет бар. Жарысты қабылдайтын бір ұжымды келесі кезеңге өткізіп, сол арқылы көбірек қаржы түсіруді көздейдін УЕФАдағылар жеребеден кейінгі негізгі жұмыстарына да кірісіп кеткен сыңайлы. Мысалы ашылу салтанаты болған ойында испаниялық қазы Карвальо грек ойыншыларына әбден қысым көрсетті. Алаңнан ойыншыларын да дым жоқ жерден қуып жіберді. Осындай келеңсіз дүниелерге қарамастан эллиндер соңына дейін ойнап, мінез танытып бір ұпайға жармасып бақты. Бұл топтың екінші тур ойындары кеше түнде аяқталғандықтан біз нөмеріміздің келесі санында толықтай талдау жасауды жөн санап отырмыз.

«B» тобы Осы Еуродағы алғашқы сенсациялық нәтиже осы топта тіркелді. Көпшілік қауым фаворит санап, чемпион атануы ықтимал деген Голландия құрамасы топтағы ең осыл деген Данияға жол берді. Енді «қызғалдақтарға» Германия мен Португалы құрамаларын жеңу қажет. Әйтпесе келесі кезеңге өту мүмкін емес. Ал әрқашанда тұрақты өнер көрсететін немістер Криштиану Роналду бастаған португалдықтарды 1:0 есебімен ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Жағдайды жақсартып алған немістерге қарап енді топтағы екінші орынға таласты Португалия мен Голландия құрамалары жасайтынын ұғамыз. «С» тобы Бұл топта алғашқы кездесуді жеңіп топ бастап тұрған Хорватия құрамасы келесі кездесулерде ұпай еншілемесе топтан шыға алмай қалуы да ықтимал. Өйткені, ендігі екі қарсылас ретінде оларға Италия мен Испания командалары қарсы тұрмақ. Аталған екі ұжым да бұл додада ұзаққа шапсақ деп келген командалар. Алғашқы жеңілістен кейін Ирландия құрамасын келесі кезеңге өтеді деу өте қиын жағдай болып тұр. Оның үстіне бәсекелестіктің де өте қатты өршіп тұрғаны белгілі. Сондықтан да алдағы турда бұл топтың тағдыры шешіліп қалуы әбден ықтимал. Егер де хорватиялықтар италиялықтарды ұпайдан айыратын болса онда «скуадра адзурра» ойыншыларына жарыс тағы да ерте аяқталуы әбден ықтимал. «D» тобы Андрей Шевченконың арқасында Украина командасы осы топтағы аутсайдер саналғанымен де әзірге бірінші орында келеді. Тегеурінді шведтерді ұтқан жарыс қожайындарын енді нағыз мықтылар күтіп тұр. Бңр-бірімен тең түскен Англия мен Франция енді қалған екі қарсыласты аямай ұтып, топтағы алғашқы орындарға таласпақ. Келесі кездесуді Швецияға қарсы өткізетін ағылшындардың жағдайы сәл де болса қиындау. Өйткені олардың басты сұрмергені Уэйн Руни тек үшінші турда Украинаға қарсы кездесуде ғана алаңға шыға алады. Сондықтан да бас мергендерінің жазасын өтеп болғанына дейін ағылшындарға ұпайдан шашау шығармай шыдай тұру қажет.    ГРУППОВОЙ ЭТАП:   08.06 «А» тобы Польша 1:1 Грекия Ресей 4:1 Чехия 09.06 «В» тобы Голландия 0:1 Дания Германия 1:0 Португалия 10.06 «С» тобы Испания 1:1 Италия Ирландия 1:3 Хорватия 11.06 «D» тобы Франция 1:1 Англия Украина 2:1 Швеция 12.06 «А» тобы Грекия - Чехия Польша – Ресей 13.06 «В» тобы Дания - Португалия Голландия - Германия
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Украинаның жеңісі