Жарнама
Жарнама

"Батэ" сенсация жасады

20.09.2012, 23:31
Жарнама
Жарнама
Төрткүл дүние назарын өзіне аудартқан чемпиондар лигасының екінші күнгі ойындары кеше түнде аяқталды. Алғашқы күні алып бара жатқан тосын нәтиже тіркелмей, барлығы жанкүйер күткендей өрбіген болатын. Ал, сәрсенбі күні болып өткен ойындардың ішінде Белоруссияның «БАТЭ» командасы көпшілікті таңқалдырды. Сырт алаңда «Лилльге» қонаққа барған Борисов қаласының аяқдопшылары Франция чемпионын 3-1 есебімен тас-талқан ұтты. Сонымен қатар, қорғанысы мығым «Брага» да өз алаңында румыниялық «ЧФРге» жол берді. «H» (аш) тобының аутсайдеріне баланған румыниялықтар енді 1-турдан кейін топ бастап тұр. Осы топтың қос серкесі ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен түріктің «Галатасарай» командалары «Олд Траффорд» стадионында жолықты. Майкл Керриктің соққан жалғыз голй алаң иелеріне маңызды үш ұпай әкелді. Есеп 1-0. Тағы бір ағылшындық клуб «Челси» өз алаңындағы кездесуде жеңіске жете алмады. Осы топтағы екінші лидер «Ювентусқа» шамасы жетпеген ақсүйектер амалсыз алдарына Донецкінің «Шахтерін» жіберіп алды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне тұңғыш шығып отырған Дания чемпионы «Нордселландты» 2-0 есебімен оңай ұтқан «кеншілер» осы топтағы 1-орынға шықты. Мәскеудің «Спартагын» ойланбай ұтады деген «Барселона» ойын барысында әбден терледі. Өз қорғаушыларының қателігінен екі гол жіберіп алған олар тек матч аяқталар тұста ғана Леонель Мессидің арқасында жеңісті суырып әкетті. Осы топтағы екінші кездесу «Селтик» - «Бенфика» арасында өтті. Ол ойында ешбір гол соғылмады. Есеп 0-0. Өткен жылғы Чемпиондар лигасының финалисі «Бавария» испанияның «Валенсиясын» 2-1 есебімен ұтты.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров