Футбол менеджері және Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне кандидат болған Алтай Даумов "Ақтөбенің" Луиш Наниді қатарға қосу туралы жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол клубтың бұл қадамын ашық мысқылмен қабылдады.
Жаңа стратегия» ма, әлде ескі әдіс пе?
Даумов әлеуметтік желідегі парақшасында 38 жастағы Португалиялық ардагерді шақыру идеясына қатысты келемеж аралас ойын жариялады. Ол Нанидің келуін футболдан баяғыда кеткен аңыз ойыншылардың есімімен салыстырды:
"Енді Анри, Батистута мен Зеедорфты да қол қойғызуға болады. "Ақтөбенің" Чемпиондар лигасына шығуға көмектесетін жаңа даму стратегиясының мәні енді түсінікті болған сияқты.” — деп жазды Даумов.
Менеджердің бұл сөздерінің астарында клубтың болашағына деген күмән жатыр. Оның пікірінше, мансабының соңына таянған, тіпті зейнетке шығып кеткен (Нани 2024 жылы спорттан кететінін айтқан болатын) ойыншыларға үлкен қаржы жұмсау — клубты алға бастырмайтын, тек уақытша имидж үшін жасалған қадам.
Даумов "Ақтөбенің” Еурокубоктарда табысты өнер көрсету туралы мақсатына мұндай жұлдызды ардагерлермен жету мүмкін емес екенін меңзеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET