Жарнама
Жарнама

Батыс дербиінде «Ақтөбенің» мерейі үстем болды

20.06.2022, 02:00
Андрей Карповичтің командасы он адаммен ойнап-ақ жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара мықтыны анықтады. Матч Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 62-минутында «Ақтөбенің» қорғаушысы Ескендір Қыбырай алаңнан қуылды. Негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Равиль Ибрагимов өз қақпасына гол соғып алды. Ал 95-минутта Виталий Балашов мергендігімен көзге түсіп, кездесудің нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур

«Атырау» – «Ақтөбе» – 0:2

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Равиль Ибрагимов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандық Нәбиханов – Домантас Антанавичиус, Магомед Парагульгов – Алтынбек Сапаров, Александр Соколенко, Андрия Филипович;

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Ескендір Қыбырай – Артурас Жулпа (к), Руслан Камболов, Рамазан Оразов – Уго Видемон, Максим Самородов, Сердер Сердеров;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров