"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші туры аясында "Ақжайықты" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта "Атырау" шабуылшысы Алексей Родионов есеп ашты. 58-минутта Брайан екінші голды соғып, матчтың нұктесін қойды.
Қатарынан екі мәрте Батыс дербиінде жеңіліске ұшыраған оралдық клуб турнирлік кестеде 21 ұпаймен төртінші орында қалды. 21-ші ұпайын қоржынға салған "Атырау" бір саты төменде тұр.
Біздің серіктес: FONBET