Жарнама
Жарнама

«Батыс дербиінде» «Каспийдің» асығы алшысынан түсті

19.09.2021, 01:01
Матчтағы екі гол пенальтиден соғылды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Каспий» мен «Атырау» клубтары күш сынасты. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Кездесудің 58-минутында «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Ненад Гаврич өзінің Премьер-лигадағы дебюттік голын соқты. Бірақ 66-минутта Жиан Мартинс пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. 70-минутта жеңісті гол да он бір метрлік айып добынан салынды. Бұл жолы «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев мүлт кетпеді.

Бұл ойыннан кейін ақтаулық клуб 27 ұпаймен жетінші орынға көтерілді. «Атырау» 26 ұпаймен бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров