Жарнама
Жарнама

Бауыржан Байтана: «Футболда ақшадан да маңызды нәрселер бар»

26.07.2022, 19:48
Футболшы трофейлер жеңіп алу үшін командасын ауыстырды.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбеге» ауысқан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана «Тараз» жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Сіздер менің «Ақтөбеге» ауысатынымды білесіздер. Енді мен бұл шешімімнің себебін түсіндіргім келеді.

Футболшының мансабы қысқа болады. Өткеніме қарап, өз қалауымды ойлауды әдетке айналдыратын жасқа келдім. Енді міне, трофей жеңсем деген ынтызарлық ішімді өртеп барады. Мен қаржылық себептерге байланысты кетіп бара жатқан жоқпын. Бұл амбицияма байланысты қабылданған шешім болды.

Мені «Тараз» үшін бар күш-жігерін жұмсамады деп ешкім сөге қоймас. Әр матчта барымды салдым. Мен өз клубым мен қаламның қазақстандық футболда лайықты түрде өнер көрсетуі үшін барлығын жасадым. Енді өзімді басқа жерде сынап көретін кез келді.

«Тараз» жанкүйерлерімен қоштаспаймын. Жай ғана «келесі кездескеше» деп айтамын. Мен өз клубымды қатты жақсы көремін, бір күні мұнда қайта ораламын. Қазір жаңа мақсаттар қойып, соғын ұмтылғым келеді. Сондықтан менің мотивациямды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Мен ақша үшін туған клубымды ауыстырмас едім. Бірақ футболда ақшадан да маңызды нәрселер бар. Қолдауларыңыз үшін үлкен рахмет!», – деп жазды Байтана өзінің Instagram парақшасында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров