"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана Конференция Лигасының бірінші кезеңіндегі "Ақтөбе" - "Сараево" кездесуі жайлы ойын ортаға салды.
Айта кетейік, қазақстандық команда ертең сағат 20:00-де босниялық клубты өз алаңында қабылдамақ.
- Команда ойынға 100 пайыз дайын. Бұл бәсекеге жарты жыл дайындық жүргіздік десе де болады. Бұл ең бірінші кезекте біз үшін, Ақтөбе қаласы үшін маңызды. Ешқандай сылтау айтылмауы тиіс. Ойынды үлкен құмарлықпен әрі керемет құлшыныспен өткіземіз деп ойлаймын",- деді Бауыржан Байтана.
Қазақстандық командалар 2024-2025 жылғы еурожорығын бастап кетті. Бүгін ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі кездесуін "Ордабасы" өткізген болатын. Шымкенттік ұжым өз алаңында Молдованың "Петрокубымен" жолығып, тең тарқасты (0:0).
Біздің серіктес: FONBET