Жарнама
Жарнама

Бауыржан Байтана «Тұранға» барды

Тараз футболының түлегі Бауыржан Байтана алдағы маусымды «Тұранда» өткізуі мүмкін. Футболшы түркістандықтармен алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанбақ.

Жарнама
Жарнама

Былтыр 32 жастағы жартылай қорғаушы чемпионатты «Ақтөбемен» бастап маусым ортасында «Жеңіске» ауысқан. Бірақ, елордалық клубтың сапында да айтарлықтай ойнап қарық қылмады. Креативті ойыншы астаналық команданың бапкерімен тіл-табыса алмаған секілді. «Жеңістің» жейдесінде тек 1-ақ ойын өткізді. Жалпы былтыр Бауыржан ҚПЛ-да 10 матчта алаңға шығып, бір гол соққан. Шабуыл шебіне жақын ойнайтын Байтананың талантты футболшы екеніне күмән жоқ. Бірақ, жиі жарақат алып, көп жағдайда футболдан тыс қалатыны бар. Бәлкім, киелі Түркістанға барып, бағы жанар ма екен? Бірақ, әзірге қос тарап ешқандай келісімге келмеген. Не болса да бапкерлер оқу-жаттығу жиынында Байтананың бабын сынап көрмекші.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров