Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан: «Допингпен ұсталған араб футболшылары жоқ болып кетті»

25.05.2022, 02:28
Исламханның бір өзі ғана сотқа қатысқан екен.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында допинг дауына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді.

— Саған допинг қабылдады деген айып тағылды. Осы жағдай туралы толығырақ айтып берсең.

— Не болғанын өзім де білмей қалдым. Мен тест тапсырдым, жанымда тағы бір араб жігіті болды. Допингпен ұсталды деген алты адам да қазір мен сияқты футбол ойнамай жүр. Сол жағдайдан кейін клуб басшылығы менімен мүлдем байланысқа шықпады. Бірақ біраз уақыт өтіп, жарты жыл ғана қалды. Мұның да бір қайыры бар шығар. Біз тіпті сотта да әлгі допингпен ұсталған жігіттердің қайда екенін сұрадық. Өкінішке орай, ешкім жауап бермеді. Бірақ олар да ойнамай жүр деп айтты. Біреуін әскерге кетті деді, тағы түрлі себептірді айтты. Бірақ соңында шындықтың беті ашылады. Дәрігерді кінәлады. Недегенмен біз тек сол маманның берген затын ішеміз ғой. Айболдан да сұрасам, не болғанын білмейді.

— Сот процессі қалай өтті?

— Алғашқы сот ісі Азия федерациясында болды. Әлгі арабтар соттасқан жоқ, тек мен ғана сотқа қатыстым. Негізі мені төрт жылға шеттетуі керек еді, бірақ екі жыл берді. Сол кезде допингпен ұсталған әлгі ойыншыларды сұрадық. Олардың барлығы менің Instagram парақшамда бар. Барлығы да жеке жаттығып жүр. Бесеуі де менімен бірге соттасқанда кім кінәлі болар еді? Осыншама жағдайдан кейін «Аль-Айнға» оралмайтын шығармын. Олар маған ешқандай да ақша төлемеді. Барлығына өзі кінәлі деп шығарып салды.

— «Қайрат» шақырса барасың ба?

— Құрбан Бердыев мені өз командасынан көргісі келсе, қалай бармаймын?! Ол мен үшін туған клубымдай болып кеткен. Қазір ең бастысы ойнап, өзімді қалыпқа келтіруім қажет.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров