Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан: ««Қайраттың» чемпиондығы кез келген жеке сыйлықтан артық!»

17.03.2015, 23:18
Жарнама
Жарнама
«Қайрат» футбол клубының капитаны Бауыржан Исламхан «PROСПОРТ» басылымына берген сұхбатында физикалық дайындығы мен «Жетісуге» қарсы өткен ойын туралы айтып берді.
- Бауыржан, сыйлықтарың құтты болсын, «2014 маусымындағы үздік ойыншы» және «2014 маусымындағы үздік жас ойыншы» атандың. «Қайрат» пен «Жетысу» арасындағы ойынға жігерлене шықтың ба, марапаттаудан кейін?
- Әрине! Қазақстан футбол Федерациясы мен «Қайраттың» басшылығына, былтырғы маусымда қолдау көрсеткен жанкүйерлер мен әріптестерге алғысым шексіз.
- Жетісулықтармен жаңбырлы күні ойнаған қиын болды ма?
 - Иә, жаңбырдың кесірінен алаң тайғақ болды. Жасанды және табиғи шөпте ойнаған екі бөлек, сондықтан әрекеттеніп амалын табуға тура келеді. Алдағы ойындар да қиын болады деп ойлаймын.
 - Пенальтині неге өзің орындамадың?
 - Жерар Гоу өз еңбегімен тапты, сол себепті де өзі орындады.
- Алматы әкімі Ахметжан Есімов ойынның соңынан киім ауыстыратын бөлмеге кіріп алғыс білдіріпті. Лауазымды тұлғалардың ризашылық байқатқаны әсер береді ме?  
 - Әкім биылғы маусымды жақсы бастағанымызға риза болды. Чемпион атануымыз үшін ойыннан ойынға қосып, ілгерілеуге кеңес берді.
- Бірінші, үшінші турда ойын аяқталмай жатып ауысып кеттің. Бұл немен байланысты?
 - Шаршаңқырап жүрмін. Барлық 90 минутты алаңда өткізу оңай емес. Физикалық тұрғыда көп жаттығу керек маған.
- Сен үшін не маңызды: «Қайраттың» жеңісі ме, әлде жеке сыйлықтар ма?
 - «Қайратпен» бірге Премьер-лиганы ұту – мен үшін маңызды. Жылдан жылға осы мақсатқа жету жолында жылжып келеміз. «Қайраттың» чемпиондығы кез келген жеке сыйлықтан артық!
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров