Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан ресейлік клубпен болатын матчқа қатыспайды

19.11.2021, 15:48
Футболшы АФК шешіміне қарсы шыға алмайды.
Жарнама
Жарнама

Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның агенті Марат Арчегов футболшының «SD Family» және ресейлік «Амкал» арасындағы жолдастық кездесуге қатыспайтынын айтты.

«Бато бұл матчқа тек көрермен ретінде қатысады. АФК шешімімен келіспесек те, мұны құрметтеуіміз керек. Қазіргі уақытта біз SILA Lawyers компаниясының заңгерлерімен бірге Азия конфедерациясының шешіміне шағымдандық және бұл талабымыз аппеляциялық сотқа (CAS) жетуге жақын», - деді ол.

Соңғы рет «Аль-Айн» командасында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының 28 жастағы экс-жартылай қорғаушысы допинг сынамасынан өте алмағандықтан 2022 жылдың соңына дейін футболдан шеттетілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров