Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламхан: «Ұлттық құраманың ойындары Алматыда өткені тиімдірек»

03.03.2015, 23:13
Жарнама
Жарнама
3 наурызда «Қайраттың» Тимур Сегізбаев атындағы Академиясында журналистерге арналған баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ». Команда капитаны Бауыржан Исламхан «PROСПОРТ» порталының тілшісі қойған сұрақтарға жауап берді. – Бауыржан, 7 наурызда өтетін Қазақстан чемпионатының алғашқы турында «Тобылмен» күш сынасасыздар. Жанкүйерлер матчтан не күтсін? – Әрине, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Жігіттер тас-түйін дайын. Фанаттар бізді қолдауға келсе, жігерлене түсеміз. – Кеше ғана Александр Меркель ұлттық құрамаға ресми түрде қабылданды. Бұл жігіттің алаңдағы позициясы сіздікіне жақын. Оңай тіл табыса аласыздар ма, қалай ойлайсыз? – Өзімен жеке таныс емеспін, бірақ жақсы ойыншы деп естідім. Орталық алаңға таласпаймыз, ең бастысы, ұлттық құрамаға пайда тигізіп, жеңіске жету. – Ұлттық құрама ойындарының қай қалада өткені сіз үшін ыңғайлы – Астанада ма, Алматыда ма? – Әрине, Алматыда өткені жақсы. Біріншіден, Астананың стадионына жанкүйерлер аз келеді. Екіншіден, еуропалық командалар тек табиғи шөпте ойнайды. Бұл тұрғыда Алматының стадионы тиімдірек.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров