Жарнама
Жарнама

Бауыржан Исламханға сұраныс артуда

Бүгін, 15:57

Павлодарлық "Ертіс" пен Қызылордалық "Қайсар" командалары 32 жастағы тәжірибелі жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханды өз қатарларына қосуға ниетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Өткен маусымда ойын практикасының аз болғанына қарамастан, еліміздің екі бірдей тарихы бай клубы, атап айтқанда – “Ертіс” және “Қайсар” футболшыға қызығушылық танытып отыр.

2025 жылы "Тұран” мен "Астана" сапында тіркелгенімен, бірде-бір ресми матчта алаңға шыққан жоқ.

Футболшының өзі бұған дейін берген сұхбаттарында 2026 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралуды басты мақсат етіп қойғанын мәлімдеген болатын.

Павлодарлық "Ертіс” қайта түлеу кезеңінде тәжірибелі көшбасшыға зәру болса, "Қайсар” Исламханның креативті ойыны арқылы шабуыл шебін күшейтуді көздейді. Бауыржан үшін бұл клубтардың біріне ауысу — мансабын қайта жаңғыртып, бабына келу үшін жақсы мүмкіндік болмақ.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров