Бауыржан Исламханның бұрыңғы клубы Азия құрлығының Чемпиондар Лигасын жеңді

“Аль-Айн” командасы Азия Чемпиондар Лигасының финалында “Йокогама Ф. Маринос” командасын 5:1 есебімен сенімді ұтып, кубокке қол жеткізді. 

Азия Чемпиондар Лигасы, Финал

“Аль-Айн” 5:1 “Йокогама”

Голдар: Рахими 8’, 67’, Каку 33’ (пен), Ян 40’, Лаба 90+1’, 90+5’ 

Қызыл қағаз: Попп 45+10’

Жеңіс жолында “Аль-Айн” “Насаф” (1/8 финалда 1:2), “Аль-Наср” (ширек финал (5:4), “Аль-Хиляль” (жартылай финал 5:4) командаларын жарыс жолынан шығарып тастады. 

Аргентиналық Эрнан Креспо баптайтын ұжым соңғы рет Чемпиондар Лигасында сонау 2003 жылы чемпион атанған. 

Еске салсақ, 2020 жылы Бауыржан Исламхан дәл осы Аль-Айн жейдесінде доп тепкен болатын. 10 ойын өткізіп үлгерген жартылай қорғаушы БАӘ көп ұзамай допинг дауына ілігіп, футболдан біраз жылға шеттетіліп еді.